Дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтар насихатталды

(0 Votes)

Жуырда Атырау облысында дін істері басқармасының қолдауымен және республика Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері жастар арасында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырды.

 Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген білікті теологтар мен дінтанушылар, соның ішінде «Шапағат» жапа шеккендерге көмек орталығының теолог маманы Сұлтангелді Сариев, Қарағанды облысы конфессияаралық проблемаларды зерттеу және талдау орталығының психолог маманы Назым Алпысбаева, Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы Бақытгүл Шопанова және қоғам белсендісі әрі заңгер Өсер Өтеген қатысты.

Іс-шаралар Атырау қаласында және Махамбет, Исатай, Доссор, Мақат аудандарында өтіп, колледж және университет студенттері, спорт мектептерінің спортшылары мен жаттықтырушылары, сондай-ақ жастар ресурстық орталықтарының жас мамандары қатысқан кездесулерге арналды. Кездесулердің негізгі тақырыптары «Зайырлы мемлекет: заң, ұғым және қағидаттар», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Теріс діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі» болды.

Аталған кездесулер жастар арасында діни сауаттылықты арттырып, қоғамда бейбітшілік пен рухани құндылықтарды насихаттауды көздеді. Сонымен қатар, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу шаралары да егжей-тегжейлі түсіндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT