Доссор мәдениет үй ұжымы марафонды жалғастырды

(0 Votes)

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында аудан көлемінде «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы апта сайын белсенді жүргізілуде.

Өткен аптада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі қайырымдылық эстафетасын Доссор мәдениет үйіне жолдаған болатын. Ізгі істі жалғастырған өнерпаздар Доссор кентіндегі Әлеуметтік жағдайы төмен отбасына көмек ретінде қолдан тігілген ұлттық нақыштағы көрпе-көпшік тарту етті. Тосыннан келген сыйлыққа қуанған жалғыз басты ана қайырымды жандарға алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

«Мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске ат салысу арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Жақсылық жасау қолыңнан келсе, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса, жақсылық жасауға тырысайық»,- дейді мәдениет үйінің директоры Д.Құрмашев.

Әрі қарай қайырымдылық эстафетасының жалаушасы аудандық білім беру бөліміне жолданды.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT