Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының үлкен мәжіліс залында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасын іске асыру аясында аудан ардагерлерімен дөңгелек үстел өтті.
Шараға аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов және кент ардагерлері қатысты. Кеш барысында Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихатына депутаттарды сайлауды белгілеу туралы Мемлекет басшысының Үндеуі талқыланып, ардагерлер өздерін толғандырған мәселелер бойынша сөз қозғап, пікір алмасты. Сондай-ақ, аудандағы өзекті мәселелерді айтып, олардың оң шешімін табу үшін не істеу қажеттілігі туралы пікірлерін ұсынды.
Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсету – ата-бабамыздан қалған мұра, ал ұрпақтар сабақтастығы осындай жылу мен шуаққа толы көңіл-күй сыйлайтын кездесулермен жалғасын таппақ.
Сондай-ақ, партиялық жоба аясында көпбалалы аналармен де кездесу ұйымдастырылды.
Кеш барысында аналардың мұң-мұқтажы тыңдалып, көтерген мәселелері сараланды. Кездесуге келген аналар «күміс алқаларын» әлі ала-алмай жүргендерін айтып шағымданды.
Аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова шешімін таппаған өзекті мәселелер бойынша тікелей партия филиалына жүгіну қажет екенін және оны толықтай қарастырып, оң шешімін табуға ықпал ететінін жеткізді.
Жиын соңында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күлпаш Алишева атқарылған жұмыстар бойынша өзінің есебін беріп, аналарды қоғамда белсенді болуға шақырды.
М.СЕРІКҚЫЗЫ
Суреттер автордан