Бюджетті нақтылау туралы заң жобасы қабылданды

(0 Votes)

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы бюджеттің түзетілген кірістері мен шығыстары атаулы әлеуметтік көмек пен медициналық қызметтерді қосымша қаржыландыруға деген қажеттілікті қамтамасыз ету, экономика өсіміне екпін беретін қосымша өсім көздерін құруға мүмкіндік жасайтын өңдеу өнеркәсібіне қолдау көрсету, салымшыларға тұрғын үй заемдарын беру үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне кредит беру, өңірлердің суармалы жерлерінің гижромелоративтік жүйелерін қайта жаңарту шаралары арқылы қамтылады. Тиісті заң жобасын республикалық бюджеттік комиссия мақұлдады», - деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин заң жобасы таныстырылғаннан кейін. Осыдан кейін Асқар Мамин заң жобасын Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығарды және ол бірауыздан қабылданды. Осыдан кейін Үкімет басшысы «Премьер-Министрдің кеңсесі Қаржы министрлігімен бірге заң жобасын белгіленген тәртіппен Парламент Мәжілісіне енгізсін», - деп тапсырма берді.


ҚазАқпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521