Білікті кадрлар дайындау - қоғам талабы

Білікті кадрлар дайындау - қоғам талабы
фото: автордікі
(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі кезекті Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттырудың маңызы зор екенін айтқан болатын.

«Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталды»-, деді ел Президенті.

Білікті кадрларды дайындау ел болашағы үшін маңызды қадам. Осы ретте елімізде кәсіптік-техникалық мамандықтарға мемлекеттік гранттар көптеп бөлінуде. Жоғары оқу орындарында ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде де білікті кадрлар дайындау үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Соның бірі, Президент жолдауда тілге тиек еткендей, алдағы уақытта үкімет колледжде жақсы оқыған түлектерді мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке алу мүмкіндігін жүзеге асыратын болады.

Бұл еңбек жолын енді бастайтын жастар үшін үлкен мүмкіндік және қолдау. Жастарымыздың сапалы білім алуы үшін мемлекет тарапынан қашанда қолдау болары сөзсіз. Ел болашағы үшін аянбай тер төгіп, еңбек ететін жастарымыз көбейе берсін демекпін.

Дулат Тастаев,

Аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT