Ауыл — біздің түп-тамырымыз, рухани және мәдени байлығымыздың негізі.
Соңғы жылдары ауылдарды дамытуға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қолға алынып жатқаны қуантады. Дегенмен, нақты нәтиже беру үшін ең алдымен ауыл жастарына қолдау көрсетілуі керек деп ойлаймын. Жұмыс орындары ашылып, кәсіби білім алу мүмкіндігі кеңейсе, жастар өз ауылында қалып, еңбек етер еді. Сонымен қатар, жол, су, интернет секілді инфрақұрылым мәселелері де шешілсе, ауыл өмірі әлдеқайда жайлы болар еді. Ауыл — ел болашағы. Оны ұмыт қалдырмай, жан-жақты қолдау — бәрімізге ортақ міндет.
Батырбек Имашев,
Шоқпартоғай ауылының тұрғыны
Жылыой ауданы