Құрманғазы ауданы әкімдігі және Атырау облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордан, кәсіпорындар және еріктілердің қатысуымен аудан көлемінде «World Clean Up Day» бүкіләлемдік акциясы өтті.
Бұл – қоғам табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін бірігетін күн. Бұл маңызды оқиға қоршаған ортаны таза ұстауға көмектеседі және табиғатқа қамқорлық пен. Экологиялық жауапкершіліктің қажеттілігін көрсетеді.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен акция бір уақытта бүкіл ауылдық округте өткізілді.
Сенбілікке 73 мекеме, 200 адам қатысып, 3 тонна қоқыс орналастыру алаңына шығарылды.
Тазалық жұмыстары кезінде әр округте абаттандыру саласында, оның ішінде жасыл желектерді суаруға, оларға күтім жасауға эко бақылау апталығы өткізілді.