Қала аумағында қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Қар шығару және тазалау жұмыстарына арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Шаһар басшылығынан білгеніміздей, оң жағалауда 6 жүктиегіш техника, 20 жүкаударғыш, бір қар тиегіш және 95 жол жұмысшысы белсенді түрде еңбек етуде. Сол жағалауда да қар тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, бұл аумақта 6 жүктиегіш техника, 12 жүкаударғыш және 95 жол жұмысшысы жұмысқа тартылған. Қала маңындағы округтерде де тазарту жұмыстары жүргізілуде. Алмалы, Қайыршақты және Дамбы ауылдық округтерінде 1 КДМ техникасы жұмылдырылған. Сонымен қатар, қала көшелерінде 7 трактор, 2 шағын трактор жұмыс істеуде. Қала тұрғындары қар тазалау жұмыстарына қатысты өтінімдерін қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында немесе 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қалдыра алады.