Атырауда Кенжебай Мәденовке арналған конференция өтті

Атырауда Кенжебай Мәденовке арналған конференция өтті
(0 Votes)

19-ақпанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Ратушаға алғаш Жеңіс туын тіккен соғыс батыры Кенжебай Мәденовтың 100 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы: ерлік пен қаһармандық жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Конференцияға Атырау қаласының әкімдігі, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы, профессорлар мен тарих ғалымдары қатысты. Отырыста сөз сөйлеген қатысушылар батыр Кенжебай Мәденовтің ерлігі мен Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы сөз қозғады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ, Атырау облысының әкімдігі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT