Атырауда алғаш рет “Алпамыс мектепке барады” қойылымы сахналанды

(0 Votes)

Жас пен кәрі әлі күнге дейін сүйсіне тамашалайтын Абдолла Қарсақбаевтың атақты «Алты жасар Алпамыс» кинофильмі көрерменін ешқашан жалықтырған емес. Жарық көргеніне қанша жыл болса да сол алты жастағы Алпамыс əлі күнге дейін мектеп жасындағы балалар мен барша көрерменнің сүйікті кейіпкері деуге болады.

 Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында аталған фильмнің желісі бойынша Артур Яһуданың ностальгия туындысы сахналанды. Гүлназ Қамысбаеваның режиссерлығымен көрерменге жол тартқан қойылымда бақытты балалық шақ, қарапайым ауыл өмірі мен баланың оқуға деген құштарлығы керемет бейнеленген.

Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару. Мектеп терезесінің алдына келіп, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, өтіп жатқан сабақты түсінуге тырысады. Ал досы Қалиханның сабаққа аса құлшынысы болмайды. Бірақ, ол досының алғырлығын алға тартып, оның мектепке баруына көмектеседі. Екі достың тілегі қабыл болып, алты жасар Алпамыс 1-сыныпқа қабылданады.

Бұрын аңғармаған ұтқыр эпизодтар, сәтті сюжеттер жаңа қырынан жарқырап ашыла бе­рді, ашыла берді. Сөйтіп, қойылым өзі­нің таңғажайып тұңғиығына тартып әке­теді. Ең талапшыл әрі шыншыл көрермен – балалар десек, бұл қойылым сол талапшыл һәм шыншыл ортаның талғамын толық қанағаттандырды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суретті

түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT