Атырау облысында 42 500 теңге жәрдемақыны 721 адам алып үлгерді.
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, облыс бойынша бүгінге дейін 1200 адам төтенше жағдайға байланысты жұмыстан ақысыз күндерге кетулеріне байланысты, 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш білдірген. Олардың 721-і оны алып үлгерді. Жеке адам немесе мекеме атынан берілген өтініштер сайт арқылы электронды түрде қабылданған. Одан соң өтініштер азаматтың тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне түскен. Ал орта кәсіпорындардан келген құжаттар арнайы құрылған Штабқа жолданса, қалған жеке кәсіп пен бірыңғай жиынтық табысын төлейтіндердің құжаттары бірден азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына жолданған. Соның негізінде олардың жағдайы нақтыланып, әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған.
Сурет: ашық дереккөз