Атырау облысында рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған семинарлар өтті

(0 Votes)

Облыста діни экстремизмнің алдын алу және дәстүрлі рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында және облыстық дін істері басқармасының қолдауымен өткізілген бұл шаралар қоғамдағы рухани-ағартушылық жұмысты жандандыруға бағытталды.

Іс-шараларға қатысқан республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері – дінтанушылар мен теологтар, әртүрлі өңірлерден келген мамандар – жастар мен жергілікті қауымға ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Олардың қатарында «Шапағат» жапа шеккендерге көмек орталығының теолог маманы Айгүл Нұрғалиева, Қарағанды облысынан келген психолог Назым Алпысбаева, Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының өкілі Бақытгүл Шопанова және «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова сияқты мамандар бар.

Кездесулер «Қазақстандағы білімнің зайырлы және прогрессивті сипаты», «Зайырлы қоғамдағы әйел рөлі және әйелдің әлеуметтік міндеттері», және «Дәстүрлі ислам құндылықтары мен радикализмнің аспекілері» тақырыптарын қамтыды. Әсіресе, әйелдердің қоғамдағы орны мен олардың рухани өміріндегі рөлі жайында терең мағыналы әңгімелер қозғалды. Бұл іс-шаралар Атырау қаласы мен Махамбет, Исатай, Доссор, Мақат аудандарында өтіп, мешіттегі әйел жамағаты, түзету мекемелеріндегі жазасын өтеуші әйелдер, жастар, жергілікті тұрғындар кеңінен қамтылды.

Жиынға қатысушылар үшін зайырлы қоғамның мәні мен ерекшеліктері түсіндіріліп, дәстүрлі құндылықтардың қоғамдағы орны айқындалды. Спикерлер діни экстремизмнің қоғамға тигізер қауіпі мен зияны туралы ескертіп, жастарды саналы түрде сақтыққа шақырды. Өзара пікір алмасу, сұрақ-жауап сессиялары арқылы қатысушылар мамандардан қажетті ақпарат алып, дәстүрлі рухани құндылықтарды бойларына сіңіріп, рухани дамудың жолдарын талқылады.

Бұл іс-шаралар қоғамның тұтастығын сақтауға, жастарды дұрыс діни ақпаратпен қамтамасыз етуге, әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде танылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT