Республика күніне орай Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінде «ашық есік» күні жарияланып, арнайы мерекелік кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.
Үшінші жыл қатарынан тойланып жатқан іс-шараға АҚШ-та тұрып жатқан отандастарыз бен шетелдіктер қатысты. Мерекелік кеште өнер көрсеткен «Сармат» этнофольклорлық ансамблі көпшіліктің көңілінен шығып, ықыласына бөленді. Меймандарға арнап күмбірлете күй шертіп, әуелете ән шырқады. Шараға қатысқан қонақтар елімізге ақжарма тілектерін білдірді.
Джейкоб, Вашингтон тұрғыны:
- Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі кеш маған қатты ұнады. Әсіресе, ұлттық киімдеріңіз өте әдемі екен. Ұлттық тағамдарыңыз, дәстүрлі әндеріңіз бен күйлеріңіз бізді қайран қалдырды. Қазақстанға барғым келіп кетті. Ансамблдің орындауындағы туындылар ерекше екен. Бұрын-соңды мұндай жанрдағы туындыларды естіп көрмеппін. Мен бұл кешке қазақ досымның шақыруымен келген едім.
Пайпер, Вашингтон тұрғыны:
- Бізге жылқының еті қатты ұнады. Осыдан екі ай бұрын Қазақстанға барып, алғаш рет сол жерде жеп көрген едік. Ол сапарымыз толықтай көңілімізден шықты. Қазақстан керемет ел екен. Халықтың қонақжайлығы ерекше. Бүгінгі кеште Қазақстанға қайтып барғандай әсер алдық. Сіздердің дәстүрлеріңіз, мәдениетіңіз, және адамдарыңыз қатты ұнайды. Сондай мәдениетті және қонақжай екенсіздер.