«Аманат» сайлауға бақылау жасайды

(0 Votes)

Аудандық балалар кітапханасында "Аманат" азаматтық платформасы тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг ұйымдастырды.

Оған аталмыш ұйымының облыстық өкілі Дәурен Сейітқалиев арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Аманат» азаматтық платформасы сайлау барысына қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған. Онда сайлаудың 5 бағыты бойынша жұмыс жүргізіледі.

Тренинг барысында бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сондай-ақ, сайлауды өткізуге дайындықты бақылап, сайлаушылардың өз құқықтары жайында хабардар болуын, сайлаудың адал және ашық өтуін назарға алу айтылды.

Жалпы ауданға 1 мобильді капитан және 12 бақылаушы тағайындалды. Осылайша олар сайлау күні саяси науқанның әділ өтуін бақылайтын болады. Сондай-ақ, бақылаушылардың міндетінде халықтың өтінішін жинақтап, 5 аманатын кандидаттарға жеткізу мүмкіндігі де бар. Алдағы сайлау науқанының әділ өтуіне мұрындық болу "Аманатқа»" жүктелді. Ал, аудан бақылаушылары болса, аманатқа қиянат жасамауға әзір.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT