Алматы индустриалды аймағында 417 миллиард теңгеге 67 жаңа жоба жүзеге асырылуда

(0 Votes)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінге дейін жалпы құны 138,2 млрд теңгені құрайтын 41 жоба сәтті жүзеге асырылған Алматының Индустриалды аймағында болды.

Бұл жобалар 4 700-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жалпы құны 416,9 млрд теңгені құрайтын тағы 67 инвестициялық жоба белсенді сатыда, бұл 10 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сапар барысында Министр іргелі кәсіпорындардың жұмысымен танысты: Hyundai Trans Auto – жылына 10 000 жүк көлігі мен 1 200 автобус шығарады; Hyundai Trans Kazakhstan – 15 га аумақта орналасқан зауыт, жеңіл автомобильдердің 8 моделін шығарады; Kazakhstan Mobility Engineering – компания Hyundai автокөліктеріне, ал 2025 жылдан бастап – Haval, Chery және Changan брендтеріне арналған қазақ тілінде мультимедиялық жүйелерді шығарады; Almaty Autoparts Production – қазақстандық және қытайлық автоөндірушілер үшін автомобильдік креслолар шығаратын зауыт; Telli Ondiris – табиғи тұрмыстық химия және косметика шығарады, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған заманауи зертханасы бар.

Алматы индустриалды аймағы жоғары технологиялық өндіріс орындарын құру және жергілікті қамтуды дамытуға ықпал ету арқылы өзінің өндірістік әлеуетін арттыруды жалғастыруда.

Инвестицияларды белсенді тарту оны мегаполистің және тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуінің негізгі драйверлерінің біріне айналдырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT