Әлеуметтік көмек - шын мұқтажға берілсе игі

Әлеуметтік көмек - шын мұқтажға берілсе игі
фото: opennews.kz
(0 Votes)

Біз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, мұқтажға пана болған ұлттың ұрпағы болдық. Біз қайырымын күтпей қайырымдылық жасайтын елдің ұландары болғанбыз. Біз сол кешегі ата-бабамыздың жүріп өткен сара жолын бәз қалпында сақтап қалған мемлекеттің бүгінгі буынымыз.

Біздің мемлекетіміз әлеуметтік, зайырлы, демографиялық мемлекет. Осыдан-ақ жылулық сұраған жанға құшағын айқара ашар мемлекет екеніміз белгілі. Жалпы алғанда мемлекет көмекке шын мұқтаж әрбір жанды елеусіз қалдырып, тасада тастамаған. Десе де кейбір азаматтар осы мемлекет тарапынан көрсетілген көмекті міндет қылып алғаны көңілді қынжылтады. Тіпті кейбір жастарымыздың оқуға, еңбекке ұмтылудың орнына, өзгеге алақан жайып, ауыз ашып отыратыны да жасырын емес. Бұл шынтуайтынына келгенде масылдыққа алып келеді.

Осы ретте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28 қаңтардағы өзінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында да айтып өтті.

«Тағы бір мәселе – мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің нақты иесіне жетуі. Көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс екенін қанша рет айтылды. Қазақстан – шын мәнінде әлеуметтік мемлекет. Бірақ бұл – азаматтардың, әсіресе, өскелең ұрпақтың еңбек етуге ынтасын азайтып, оларды масылдыққа үйрету деген сөз емес»,- деді Мемлекет басшысы.

Иә, халқымызда «Әрекет етсең, берекесі болады» деген тәмсіл бар. Президентте осы негізді басшылыққа алып отырғаны белгілі. Еңбекке қабілетті әрбір азамат өзінің және отбасының қажеттілігін толық қамтып, еңбек етуі керек. Мемлекет қашанда көмекті қажет ететін тұлғаға қандай да болмасын көмек береді. Алайда сол көмек шын мұқтажға бұйырса игі еді.

Қасымова Ботакөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT