Өнер – ұлттың жаны. Ол ғасырлар бойы халықтың рухани тірегі болып келді. Ал бүгінде мәртебесін еш жоғалтқан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да жасанды интеллект дәуіріндегі мәдениет пен өнердің орны туралы нақты айтап өткен болатын.
«Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек», – деді Президент.
Иә, бұл сөздер мәдениет майталмандарына үлкен сенім артылып отырғанын көрсетеді. Президенттің Жолдауындағы бұл мәлімдеме – тек құр сөз емес, нақты әрекеттерге жол ашатын бағдар. Бүгінде мәдениет қызметкерлеріне қойылатын басты талап – заман ағымынан қалмай, дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра білу. Тек осындай үйлесім арқылы ғана ұлттық өнер әлемдік сахнада өз орнын таба алары анық.
Г.Омарова,
Мақат балалар өнер мектебінің домбыра-тенор ұстазы