Әскерилерге жемқорлыққа қарсы жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді

(0 Votes)

Қазіргі қоғамның дендеген дерті, өршіген мәселесі қылмыстық құқық бұзушылықтар болса, енді халқымыз майдаға балап, қатты елеп ескере бермейтін әкімшілік құқық бұзу да осы үлкен қылмыстың алғашқы сатыларының бірі екені анық. Күнделікті кездесетін қоғамдық орындарда құқық бұзу сонымен қатар отбасы-тұрмыстық жағдайда кездесетін зорлық зомбылық мәселелерінің алдын алу мақсатында қанша сабақтар, дөңгелек үстел өткізілсе де аздық етпесі анық.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен әскери тәртіппен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында, 2019 жылғы қазан айында бірнеше рет «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 51051, 41433 және 41321 әскери бөлімдердің әскери қызметшілерімен және олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен, 2019 жылдың өткен айларының қорытындысы бойынша әскери қызметшілермен жасалған құқық бұзушылықтармен оқиғалардың мәліметтері жеткізіліп, алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесімен әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін, әскери қызметшілермен отбасы мүшелеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық саласындағы Қазақстан Республикасы қылмыстық және әкімшілік кодексінің негізгі баптарын, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың басшыларының пара алу және материалдық сыйақы алу деректерінің жауапкершіліктері жан-жақты түсіндірілді.

whatsapp-image-2019-10-22-at-18_42_51

Іс-шара барысында әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, ескерту және жол бермеу мақсатында тақырып сұрақ жауап ретінде өрбітіліп, әскери қызметшілердің құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, білімдерін жетілдіру негізінде әскери қызметшілермен әйелдер кеңесі мүшелері ұсынған өзекті сұрақтарға дәйекті жауаптар берілді.

Бақтияр Дәуренқұлов,

Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің
(әкімшілік тәжірибе) офицері, әділет капитаны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT