Қылмыстық процестің жана форматы - үш буынды модель

(0 Votes)

«Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек»


Бұл – заңдылық пен әділеттілікті толық қамтамасыз етуді тапсырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында басымдық берген мәселенің бірі. Жолдауда Президент адам құқын қорғауға бірден-бір жауапты – полиция, прокуратура мен сот өкілеттіліктерінің аражігін нақты ажыратып беретін үш буынды модель құруды тапсырды. «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек»,- деп негізгі бағыт-бағдарды да айқындап берді.


Қылмыстық процестің жана форматы бойынша аудан прокуроы, әділет кеңесшісі Б.Қалиевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

- Үш буынды модельде прокурордың міндеті қандай?


-Прокурордың міндеті – осы ай¬ғақ-дә¬лелдемелерге тәуелсіз баға беру, тергеу, анықтау іс-шара¬ла¬ры кезінде азаматтар құқық¬тары¬ның бұзылуына жол бермеу. Яғни кінәсіз адамның сотталып кетпеуіне, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Ал судья полиция мен прокурор ұсынған мә¬лі¬меттерді сараптай келе, соңғы шешім шығарады. Ақты ақ, қараны қара деп үкім кесуі тиіс. Бұл үш ор¬ганда бұрыннан келе жатқан «жұмыс істеу тәсілі». Мұндай тә¬сіл Жолдауда да «тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиім¬ді саралау жүргізіп отыруға мүм¬кіндік береді» деп бағаланған.Әуел¬ден полиция қызметкерлері қыл¬мыс¬ты анықтап, күдіктілерді та¬уып, айғақ жинаумен айналысады. Ал прокурордың міндеті – осы ай¬ғақ-дә¬лелдемелерге тәуелсіз баға беру, тергеу, анықтау іс-шара¬ла¬ры кезінде азаматтар құқық¬тары¬ның бұзылуына жол бермеу. Яғни кінәсіз адамның сотталып кетпеуіне, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Ал судья полиция мен прокурор ұсынған мә¬лі¬меттерді сараптай келе, соңғы шешім шығарады. Ақты ақ, қараны қара деп үкім кесуі тиіс. Бұл үш ор¬ганда бұрыннан келе жатқан «жұмыс істеу тәсілі». Мұндай тә¬сіл Жолдауда да «тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиім¬ді саралау жүргізіп отыруға мүм¬кіндік береді» деп бағаланған.


- Биылдан бастап енгізілген жаңа модель бойынша қандай шешімдер қабылданды?


- Бүгінгі күні жаңа Заң аясында прокуратураның функционалдық міндеттері күшейтіліп, қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімімен және бекітуімен қабылдануда. Жаңа модельге сәйкес аудан прокуратурасымен қылмыстық істер бойынша күдікті деп танудың 50, күдіктінің іс-әрекетін саралаудың 50, істі қайта саралаудың 15, мерзімін үзудің 49, өндірістен тоқтатудың 82 процестік шешімдері зерделеніп, тоқтату туралы 14 қылмыстық істі келісуден бас тартылып, қосымша тергеп-тексеру үшін жолданған.
Егер өткен жылы 50% жуығы электрондық форматта істер тергелсе, үш буынды модельмен 95% тергелген. Бұған қызметкерлерді сапалы даярлау және кеңсе техникасымен толық жабдықтау ықпал еткен.


- Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдың желтоқсанында қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту туралы айтылған? Бұл бойынша не айтасыз?


- Қылмыстық процестің өкілет¬тіктерін нақты бөле отырып, тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, әр¬бір кезеңде тиімді сүзгілер жа¬сауға бағытталған үш буынды мо¬дель¬дің ең маңызды тұсы – про¬куратурада. Себебі 2021 жыл¬дан бастап қылмыстық істер бо¬йынша прокурорға заң бойынша жаңа міндет жүктеліп отыр.¬ Ол – адам құқығы мен бостан¬дығына қатысты негіз¬гі процес¬суал¬дық шешімдерді ке¬лісу мін¬деті. Ал мұндағы басты мін¬дет – азаматтардың қылмыстық жауап¬кер¬шілікке негізсіз тартылуын болдырмау.

- Үш буынды модельдің қолайлы жақтары қандай?

- Үш буынды модель бойынша қыл¬мыстық процестердің негізгі құжат¬тарын прокурормен келісу арқылы жүзеге асыру жыл басынан бері қолға алынып ке¬леді. Бұл шындап келгенде тергеушілер үшін де, прокурорларға да өте қолайлы әрі тиімді қадам. Себебі Қылмыстық іс жүр¬гізу кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес про¬цессуалдық шешімдер дер кезінде келісіліп, істің мән-жайы бірден анықталып отырады. Ең бастысы біз осы арқылы ел Президенті қойған тапсырма – қылмыстық іс¬тер кезінде кететін қателік¬терге жол бермейді.Прокурор жаңа модельді енгізу жедел тергеу жұмысының сапасын арт¬¬тырып қана қоймай, уақыттан да ұта¬тынын айтып өтті. Себебі бұрындары тергеушілер күдіктіге қатысты материал¬дар¬ды іске тіркегеннен кейін ғана про¬куратураға таныстыратын. Ал тергеу ісінен қандай да бір қателік не кемшілік кетсе, іс толығымен кері қайтарылып, осының барлы¬ғы уақыт алатын. Ал жаңа жүйе¬де тергеу органдарының әр қа¬да¬мы жіті бақылауда болып, әр шешімдері жан-жақты бағаланады. Яғни үш буынды¬ тың форматта тергеуші мен прокурордың өзара іс-қимылы барынша оңтайландырылған.Үш буынды модель – адам құқын қорғаудың заманауи үлгісі. Басқаша айтқанда бұл – полиция, прокуратура мен соттың алдына қойылған жаңа талап. Әрі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сүйенген халықаралық талап. Ал қарапайым халыққа ең қажеті – механизмнің нақты жұмыс істегені.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521