Отандық кәсіпорындар «құлашын кеңге жая алмай отыр»

(0 Votes)

ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы Президиумінің төрағасы Тимур Кұлыбаев пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті бизнесмендердің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіп, онда өңір экономикасын дамытудың түрлі мәселелері қаралды: кадрларды дайындау, мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық мазмұнды ұлғайту, т.б.

Отырыс отандық мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

 - Шын мәнінде, жақсы мейрам. Өздеріңіз білесіздер, Атырауды туған қалам деп айта аламын. Әкем осында бес жыл қызмет етіп, облысты басқарды. Өзім 1997 жылдан бері осы облыспен, мұнай-газ саласымен, экономиканың басқа секторларымен ажырамас байланыстамын. Әрине, осы жерде, Атырауда мұнайдың 120 жылдығын мерекелеуге қатысу мен үшін үлкен мәртебе,-деді Тимур Кұлыбаев.

whatsappimage2019-09-05at15-27-511

 Атырау облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Абдолла Идресов өңірдегі бизнестің дамуы туралы баяндап, проблемалық тұстарға тоқтап өтті.

 - Өңдеу өнеркәсібімен айналысатын  1 128 кәсіпорын бар. Машина жасау кәсіпорындар қуатының пайдаланылуы 20% құрайды. Сатып алуларға қатысу үлесі-5%. Соның салдарынан кәсіпорындар өсе алмайды, олардың тауарлық линейкасы кеңеймей, айналымдары өспей отыр,-деді А.Идресов.

whatsappimage2019-09-05at15-27-521

 Бұның бір себебі – кәсіпкерлердің мемлекеттік және квази сатып алуларға қол жеткізуінің күрделілігі, сондай-ақ, шетелдік қатысы бар ірі компаниялардың алдын-ала квалификациялық іріктеу талаптарына жергілікті өндірушілердің сай болмауы. Қуаттарының пайдаланылуы төмен болуы себебінен машина жасаудың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 6% (584 млрд. теңге) құрап отыр, ал, өңдеудегі үлесі- небары 0,5% (2018 жылы 34,9 млрд. теңге).

 Кәсіпкерлер Палатасының облыстық филиалының пікірінше, шетелдік қатысы бар өндіруші компаниялардың алдын-ала квалификациялық іріктеулерінің жергілікті кәсіпорындардың өсуіне пайдасы жоқ. Жергілікті компанияларды үйрету, оқыту үшін құзырттілік орталығын құру қажет.

 Тимур Кұлыбаев та өз ойын айты.

 - Мемлекеттік құрылымдар мен квазисектор біртектес өнімдерді сатып алады. Өкінішке орай, мемлекеттік сатып алу туралы заң сақтала бермейді. Статистика бойынша, мемлекеттік сатып алулардың 75% бір көзден алынады. Бірнеше жеткізуші қатысатын тендерлік рәсімдермен салыстырғанда бағаның жоғары болуы байқалады, кейде 30% дейін жетеді.

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттікпен келісіміміз бар - сатып алулардағы бағалар нормадан асып кеткен жағдайларда, жауап қатылады. Бұндай жүйе осындай ақпаратты автоматты түрде беріп отырады. Бұл сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Және отандық тауар өндірушілер ұзақ мерзімді контрактілерге қатыса алады. Соның арқасында өндірісті жаңартып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға болады. Жер қойнауын пайдаланушылар сапа, баға талап ететіні түсінікті. Осы бағытта, соның ішінде өңірлік палата өз деңгейінде, жұмыстанамыз. Бұндағы жұмыс ауқымы үлкен, облыс бойынша бюджеттен мемлекеттік сатып алулар көлемі 200 млрд. теңгеден астам. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларының көлемі де үлкен,-деді Т.Кұлыбаев.

 Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев билік пен бизнестің қарым-қатынасы мәселесіне назар аударды.

 - Мына мәселеге назар аударғым келеді. Бизнес субъектілерін қолдау туралы айта отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы билік кәсіпкерлердің адалдығына, инабаттылығына назар аударатынын атап өтті. Бизнестің дамуы адамдардың адамдардың денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Мәселен, бір кәсіпкер автотұрақ жасаймын деп алған жеріне жазғы кафе салып, нәтижесінде айналадағы үйлердің тұрғындары таңғы сағат 4-5-ке дейін шудан ұйықтай алмаймыз деп шағымданды. Оның себебін білейін деп барған әріптестерімнің үстінен кәсіпкер Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікке арыз жазып, жаңағы қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды. Не үшін деген сауал туындайды.

 Тұрақтылықты, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы орган ретінде біз бұған жауап береміз. Ал, бұл жерде мемлекеттік қызметшілер қараланып отыр. Сондықтан, бизнесмендерден түсінікпен қарап, ақпаратты тек өзіне тиімді түрде ұсынбауды сұраймын. Қай бизнесмен де табыс түсруге ұмтылады, бірақ, қоғамдық қауіпсіздік те маңызды екенін ескеру керек,-деді Нұрлан Ноғаев.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT