Кардиолог кеңес берді

(0 Votes)

Мақат СӨСҚО дәрігері Р.Тайшекенова қарттар күніне орай ардагерлер бөлмесінде ауыл ақсақалдарының басын қосып, өзекті тақырыптардан әңгіме тарқатты.

«Белсенді өмір салты - жастарға үлгі» тақырыбында өткен жиында кардиолог дәрігер Р.Тайшекенова дене белсенділігі мен жағымсыз әдеттердің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Күнделікті ем қабылдаушылар туралы кеңес берді.

Бүгінгі таңда жүрек талмасы, жоғарғы қан қысымы секілді жиі аурулар белең алып отыр. Бұл аурулардың алдын алуға әбден болады. Ал аяқ асты орын алған жағдайда қандай амалдарға бару туралы түбегейлі түсіндірген дәрігер қарттардың сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан жасалынар жеңілдіктер, оларды қалай алуға болады?

Бұл туралы да бірқатар кеңестерге қаныққан қарттар ақ халатты абзал жанға риза болысты.

А.Садыков
суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT