Көпірге шығуға ерінген қатерге ұрынады

(0 Votes)

Жалпы ереже бойынша теміржол бойында бөгде адамдардың жүруіне тыйым салынған.

Cондықтан сақтықты санадан шығарып, өкінішке ұрынып жүрген жайттар өмір бойы өзекті өртейтінін тұрғындар естен шығармаса дейміз.

Жолда жүру ережесін сақтамаған жағдайда қауіп көп. Мәселен, биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша теміржолшылармен 34 қайғылы жағдай орын алды. Оның ішінде 8-і есепке алынды. Теміржол бойында жеке бас қауіпсіздігін сақтау ережелерді мұқият орындау маңызды. Тұрғындар көбіне теміржолды белгіленбеген жерлерден кесіп өту, әртүрлі жастағы азаматтардың ойсыз әрекетінен, олардың теміржол бойында ең қарапайым жол ережелерін сақтамауынан, жүріп бара жатқан құраманың алдынан жүгіріп өту, құрамалардың астынан өту секілді әрекетерінен орын алып жатады. Ай сайын теміржолға жақын мектеп оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Мектеп оқушыларымен кездесудің мақсаты балалар өмірінің қауіпсіздігін сақтау, оқушыларды теміржол аймағында өте абай болуға шақырады.

Себебі, кез келген уақытта бір жақтан пойыздың шыға келуі, екінші жолда пойыздың жақындап қалғанын байқамай қалуы, тоқтап тұрған құраманың жүріп кетуі мүмкін. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында стансаға кіре берісте дауыс зорайтқыштың көмегімен келіп-кетіп жатқан пойыздардан өзге маневрлік қозғалыстар, вагондарды қосу-ағыту туралы да үздіксіз хабарланып тұрады. Қауіпсіздік жайлы көрнекі жерге аншлагтар орнатылған. Қазан айынан бастап станса басшылығы, қарауыл басшылығы, желілік ішкі істер басшылықтары бірігіп, тұрғындарға теміржолдың белгіленген жерлерден өту керектігі туралы рейд өтіп жатқанын еске салады. Сондықтан рейд кезінде ересек адамдармен және жасөспірімдерге теміржолдың белгіленбеген жерлерінен өтсе қатаң шара қолданылады.

Сол үшін ата-аналар үйде балалардың назарына теміржолдан өтерде арнайы белгіленген жерлермен, жаяу жүргіншілер көпірімен өту керектігін, теміржол аймағынан аулақ болуларын мұқият ескерткенін қалаймыз.

Т.ҚАНАТБАЕВА,

Мақат стансасының қауіпсіздік жөніндегі инженері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT