Ем алуға селфидің көмегі тиді

(0 Votes)

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландияда 28 жастағы қызды оқыс оқиғаға дейін телефонына жасалған селфи құтқарып қалған.

РИА Новостидің хабарлауынша, таңертең Стефани Фарнанның әкесі қызын ес-түссіз жатқан жерінен тауып алды. Кейіннен белгілі болғандай қыздың миына қан құйыла бастаған.

Қызды құтқарып қалу үшін дәрігерлерге оның қай уақытта есінен танып қалғанын білу қажет болды.

The Irish Sun басылымының мәліметінше, қанды ұйытатын дәрі-дәрмектерді приступтан кейін белгілі бір уақыт мөлшерінде ғана қабылдауға
болады.

Қажетті ақпаратты Фарнанның ағасы оның телефонынан тапқан. Бойжеткен оқыс оқиғаға дейін 14 минут бұрын селфиге түскен көрінеді.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл табылған ақыл болды.

«Менің жолым болды. Сол күні таңертең фотоға түскенім есімде жоқ», - деді Фарнан.

Қыздың сөзінше, оның жағдайы қалыпты. Алдағы уақытта Фарнанға операция жасалады.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT