Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 494 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Атырау облысында сегіз жаңа жағдай анықталып отыр, деп хабарлайды ATPress.kz
Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (222), Павлодар (50) облыстары және Нұр-Сұлтан (35) қаласында. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан (32), Ақмола (29) мен Батыс Қазақстан (29) облыстарында. Алматы қаласында – 25, Қарағандыда – 20, Қостанай облысында – 18, Шымкент қаласында – 8, Алматы облысында – 7 жаңа дерек тіркелген. COVID-19 жұқтырғандар бойынша ең аз көрсеткіш Ақтөбе (6), Жамбыл (4) және Түркістан (1) облыстарында тіркелген.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 114 235 адам
Сондай-ақ, өткен тәулікте 246 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Шығыс Қазақстан облысы (56) мен Нұр-Сұлтан қаласында (46 адам). Одан кейінгі орында Ақмола облысы (41 адам). Батыс Қазақстан облысында – 21, Атырауда – 17, Қарағандыда – 15, Қызылорда облысы мен Алматы қаласында 10 адамнан емделіп шыққан. Алматы облысы мен Қостанайда – 7 науқастан, Павлодарда – 6, Ақтөбе мен Жамбылда – 5 науқастан дертінен айыққан.
Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 107 139.
Сурет: ашық дереккөз