Кеше ғана іргелес Жамансор ауылының тұсында, «Ақтөбе-Атырау» тас жолының 450-ші шақырымында орын алған жантүршігерлік жол апатына күллі елдің қабырғасы қайысты.
Атырау қаласына қарай бағыт алған «Renault Duster» маркалы автөкөлігі мен Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылына бағыт алған «Geely Emgrand» автокөлігі бір-бірімен соқтығысып жол көлік оқиғасы орын алған еді. Оқиға нәтижесінде «Renault Duster» маркалы автокөлікте 4 адам (жүргізушісі: 1981 ж.т., жолаушылары: 1964 ж.т., 1966 ж.т., 2005 ж.т.) және «Geely Emgrand» маркалы автокөлікте 5 адам (жүргізушісі: 1984 ж.т., жолаушылары: 1953 ж.т., 1957 ж.т., 1957 ж.т., 1982 ж.т.) оқиға орнында қаза болғандары анықталды.
"Оқиға орнына Мақат ауданының ТЖБ және Мақат кенті №8 Өрт сөндіру бөлім қызметкерлері шығып «Renault Duster» автөкөлігінен 1 адам және «Geely Emgrand» автокөлігінен 5 адамның мүрделерін «Holmatro» құралғысын қолдана отырып автокөліктің есіктерін бұзып ашу арқылы шығарылды",- дейді Мақат аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры А.Камалов
Жол көлік оқиғасы бойынша полиция бөлімі тергеу жұмыстарын жүргізуде, сараптамалар тергеу жұмыстарынан кейін тағайындалды.
"МТ"
Суреттер Мақат аудандық ТЖБ-нен алынды