Берешегі көп бақуатты жандар

(0 Votes)

Су – тіршілік көзі. Өйткені адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес.

«Атырау су арнасының» қызметкерлері аудан бойынша ауыз су мен кәріз жүйесіне қарызы бар тұтынушыларды анықтау шарасын тоқтатқан емес. Бір емес, бірнеше ескертуге құлақ аспай, айлап-жылдап қарызға белшесінен батқан. Аудандағы «Атырау су арнасының» өкілі Қоныс Төлеуовтың айтуынша, сумен қамтамасыз ету қызметіне берешек бүгінгі күнге дейін 700 мың теңгені құрап отыр. Күнделікті ішіп отырған ауыз суға ақысын төлемейтін жандар көп. Қызметке төлем жасамайтындардың көбі қызметтері бар шенді азаматтар екен. Жалпы, мекеме қызметінің мамандары қарыздарын қайтарып алу үшін тұрғындарға ескерту парақтарын да таратып жүр, бірақ, кей тұрғындарды тәртіпке бағындыру оңай жұмыс емес дейді.

Сонымен қатар, жеке үй, көпқабатты тұрғын үйлерде тұрғындар арасында да «Атырау су арнасына» келісімін алмас-тан, жеке су жүйесіне қосылып жатқандары жетерлік. Бұл ретте, «Атырау су Арнасы» мамандары суға заңсыз қосылғандарды анықтау жұмыстарын жалғастырып келеді. Ал, бұл өз кезегінде біріншіден суға ақы төленбейді, апатты жағдай орын алғанда ретке келтіру орасан қиындықтар келтіреді екен. Ешқандай санитарлық талапқа жауап бермейтін құбырларды орнату арқылы судың жағдайын нашарлатады. Кей жағдайларда тұтынушылар суға қалай қосылу тәртібі мен қандай құжаттар қажет екенін біле бермейді. Бұл ретте суға қосылу үшін заңмен белгіленген арнайы жиналатын құжаттар реті бар.

«Судың да сұрауы бар» емес пе, сондықтан күнделікті тұтынатын ауыз судың қадірін білгенге не жетсін?.

А.МАСАТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT