Балалардың Интернетке тәуелділігінің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылау, интернетті пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатында халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (Оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы бастау алған болатын.
Осыған орай, аудандағы №2 бастауыш мектебінде үш күндік апталық шаралары ұйымдастырылды.
Апталық барысында «Ғаламтор менің досым емес!» ашық пікір алаңы өтті. Шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов, ардагерлер, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қаржауова, «Мақат жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Қангереева және аудан жастары қатысып, мектеп оқушыларына ой-пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.Апталықтың алғашқы күнінде «Оқушы дүниетанымына қауіпсіз сайттар» атты ақпараттық қауіпсіздік бетшесін және «Балаларға арналған отандық порталдар» атты ақпараттық қауіпсіздік бетшелері таратылды. Сондай-ақ, «Балаңыз интернетке қаншалықты тәуелді?» тақырыбында ата-аналармен сауалнама өткізілді. Жұмыс жағдайына байланыс- ты мектепке келе алмаған ата-аналарға сауалнама сұрақтары үйге беріліп, жауаптары алынып, белсенділік танытты. «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбы аясында сурет байқауы, эссе байқауы, «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Апталық барысында «Ғаламтор менің досым емес!» ашық пікір алаңы ұйымдастырылып, оқушылар дайындаған көрініс пен бейнебаяндар көрсетілді. Оқушылардың да пікірін тыңдауға кезек берілді.
Шара соңы сурет, эссе байқауына қатысып, жүлделі орын алған оқушыларды мектеп директоры Руслан Баймұқашев марапаттап, қорытындылады.
А.ТАУМҰРЫНОВА,
Сурет автордікі.