Ақша жымқырған алаяқ ұсталды

(0 Votes)

Мақат ауданының полицейлері алаяқтық жолмен бірнеше тұрғынның ақшасын жымқырған күдіктіні құрықтады.

Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан интернет желісі арқылы сенімдеріне кіріп, алаяқтық ниетімен қаражаттарын иемденіп алған күдікті әйел азаматшасына қатысты арыз түседі. Осы мәселе бойынша 4 жергілікті тұрғын арызданып келеді. Олар өз арыздарында қаржы пирамидасына арналған әдіс бойынша “үстеме пайда” алуды көздеп, күмәнсіз ақша жібергендерін жазады. Осылайша полицейлер арыздарды тіркеуге алып, қылмыстық кодекстің 190-бабы 3 бөлігімен «алаяқтық» бойынша іс қозғайды. Өз ойынымен алаяқ 4 жәбірленушіге 390 мың теңге  шығын келтірген. Күдіктіні көп ұзамай, полицейлер қолға түсіреді.

17-21 ақпан аралығында республика көлемінде өткен "Контрафакт" жедел іс-шарасы кезінде Мақат ауданының полиция бөлімі қызметкерлері ақпан айында тіркелген іс бойынша К. есімді күдіктіні Батыс Қазақстан облысынан құрықтап, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамайды. Оның атыраулық тұрғын екендігі анықталған. Қазіргі уақытта тергеп тексеру амалдары жалғасуда.                                    

Күдікті сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе  қалаларының тұрғындарының да  қаражаттарын жымқырған. Тергеу кезінде WhatsApp мессенджеріндегі «Битсдаг вклад чат»  чатында 91 адам тіркелгені белгілі болған.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT