Тыныштықты бұзуға ешкімнің құқы жоқ!

(0 Votes)

Біздің мемлекетіміздің мақтан етіп айтатын ерекшелігінің бірі - жүз отызға жуық ұлт пен этностардың бір шаңырақтың астына бірігуі. Қанша ғасырдан бері тарихымыз да, тұрмыс-тіршілігіміз де бір қазанда біте қайнасып келеді. Ал солармен қиын күндерде бір тілім нанды бөлісіп жеген ата-бабаларымыздың даналық жолы қазіргі күні де бірлік пен ынтымақтастықтың кепілі.

Дәл осы тұста Хакім Абайдың "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп",- деген сөзі еріксіз ойға оралады. Ал, Қордай ауданында орын алған қақтығыс қанша жылдан бері өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан елді селт еткізді. Біз өзі отыз жылдан бермен аялап келген тәуелсіздігіміздің бір мақтанышы да осы қазақ пен өзге диаспоралардың татулығы еді ғой.  Бұл туралы Президентіміз «Twitter» парақшасында "Бейбітшілік пен келісім - біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!" деп жазды. Расымен, не жағдай болсын, заңға бағынсақ, тәртіпке көнсек, жақсылыққа сенсек қана бәрі дұрыс болады. Біз қазақ өзі ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз ғой әуелден. Тигенді тыйып қалу, соқтыққанды сойып салудан кенде емеспіз. Ал басты қасиетіміздің бірі - кез келген жағдайда байыппен саралап барып, сақтықпен іс қылу.  Жеріміздің тұтастығы мен қауіпсіздігі - біздің бірінші парызымыз.

К. АЛИШЕВА,

аудандық аналар кеңесінің төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521