41 жастағы азамат іздестірілуде

(1 Vote)

Ағымдағы жылғы 6 шілдеде сағат 12:15-те Атырау қаласының Береке шағын ауданында 1979 жылы туылған азамат А.У. Дүйсембиевтің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Жолдасының айтуы бойынша, 1 шілде күні сағат 22: 35-те жоғалып кеткен азамат үйден белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарын Атырау облысы ТЖД "Жедел-құтқару жасағының" 10 қызметкері, 2 бірлік техника және 1 кинологиялық есебі жүргізуде.

Егер сіз осы адамды көрсеңіз немесе ол туралы қандай да бір ақпарат болса, сізден "112" немесе 45-00-00 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Үйден шықпас бұрын, туған-туыстарыңызға қай жерге баратыныңызды және қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Мұндай жағдайда, егер оқыс оқиға орын алса, "жедел құтқару жасағы" тез арада іздестіруді бастай алады!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT