3 жылда 173 миллиард теңге бөлінеді

(0 Votes)

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта Ішкі істер министрлігі реформаға ұшырайтынын айтты.

«Ең өзекті міндеттердің бірі құқық қорғау жүйесін толық реформалау саналады. Полицияның бет-бейнесі өзгереді. Бірінші кезеңде 2020 жылдың соңына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру қажет. Бұны сапалы түрде жүзеге асыру керек. Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жылда 173 миллиард теңге бағытталады. Бұл қаржы жалақыны өсіруге жұмсалады», - деді Тоқаев.

Атап өтсек, Мәжіліс үйінде VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойлар барысында ысырапқа жол бермеу керек деді. Сондай-ақ, президент өзінің жолдауында митинг және наразылық акцияларын өткізетіндерге қатысты пікір білдірді.

BAQ.KZ

сурет: ашық дерккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT