Жұмекен жырларын жатқа айтатындар жарысқа түсті

(0 Votes)

Қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында 8-ші қазан күні аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік әнұранның авторы, ел аузында «жұмбақ ақын» атанған Жұмекен Нәжімеденовтың 85 жылдығына орай «Жұмекеннен жүз өлең» атты онлайн көркемсөз оқу шеберлері байқауы өткізілді.

Байқауға қатысқан 10 үміткер Жұмекеннің поэззия мен проза жанрындағы туындысынан және драмалық шығармадан үзінді оқып, өзара сынға түсті.

121104841_836229123785591_5468436129811781131_o

«Елдегі жағдайға байланысты жеңімпазды онлайн түрде анықтадық. Сахнаға шығарып шамаларын байқамағасын, видеоға қарап таңдау жасау қиынға түсті. Ережені дұрыс түсінбей, шығармаларды аудиожазба арқылы жібергендер де болды. Түсіністікпен қарап, оларды да бәсекеге қостық», - дейді әділ қазылар алқасының мүшесі, аудандық мәдениет үйінің директоры Кенжебике Тулебаева.

121125525_836233583785145_4960666729071421984_o

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 3-орынға Гүлнұр Кенжеғарина, 2-орынға Толқынай Хайрмеденова, 1-орынға Азиза Жолдыбай, бас жүлдеге Ақжұлдыз Оразова ие болды.

Көркемсөз оқу шеберліктерімен топтан дара шыққан Ақжұлдыз Оразова мен Азиза Жолдыбай облыстық додаға жолдама алды.

А.Есжан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT