"Ән мен әнші" халықпен онлайн қауышты

(0 Votes)

Мәдениет майталмандары карантин күндері қаңырап қалған киелі сахналарын қайта жандандыра бастады. Күнделікті күйбең тірлігімізге біртіндеп еніп, сан саладан қылтиып бой көрсете бергесін бе, бүгінде онлайн ұғымы бізге бұрынғыдай бейтаныс емес. Осы форматта 25-ші қыркүйек күні Доссор мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ән мен әнші» онлайн концерті берілді.

Тыңдармар әлеуметтік желідегі әншілердің өнерінен "тірілей" тамашалағандай әсер алмағанымен, әзірге осының өзін көзіне алданыш, көңіліне медеу етіп тұр. Концертте Т.Төлешқалиев, Д.Еримов, А.Төлегенов, Д.Құрмашев, Г.Бисаханова, А.Абилкасова, Ж.Сисембаев, Қ.Бағытов сынды жергілікті жұрт мақаныштары өнер көрсетті.

erimob-1

Әншілер ән қоржынындағы әр түрлі бағыттағы көңілді әрі әдемі әндерін көрермендерге тарту етті.

erimob-2

Кеш соңында Доссор мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының орындауында Ибрагим Исаның құстың қос қанатына теңеп жазған әйгілі  «Ән мен әнші» әні шырқалды.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT