Атырау қаласында өткен 5-ші облыстық Параолимпиадалық спартакиадаға ауданымыздан 10 мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысып қайтты. Олар 9 алтын, 8 күміс, 1 қола иеленіп, «қанжығаларын майлап» оралды.
Жеке-жеке тоқталсақ, диск, ядро, найза лақтырудан әйелдер арасында Нұргүл Мақсотова, ерлер арасында Бағытжан Құлсариев алғашқы екі орынды еншіледі. Жеңіл атлетикадан ерлер арасында 100 м жүгіруден 2-орынды Есқабыл Дәулет,100 м, 200 м жүгіруден 1,2-орынды Оңайбай Мейіржан, 200 м жүгіруден 1-орын Меңдібаев Нұрлыхан иемденді. Ал, 400 және 800 метрге жүгіруден желаяқтар Меңдібаев Нұрлыхан мен Есқабыл Дәулет 1,2-орындарды иеленді.
Әйелдер арасында Базарғалиева Мерей мен Базарғалиева Аружан 100 м, 200 метрді бағындырып, алдыңғы орындардан табылды. Ұзындыққа секіруден Ләззат Молдабаеваға ешкім тең түспеді.
өз тілшіміз