Аптаның басында Доссор мәдениет үйі ұжымы ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра Party» шарасы өтті.
Мәдениет үйі саябағында ұйымдастырылған аталмыш шара күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттауды мақсат етті.
Аталмыш шара аясында домбыраны серік еткен кенттегі жас домбырашылар шабыттана шығармаларды орындады. Мерекелік көңіл-күйді сезіндіріп, көрермендерге тәтті күйлерін тарту етті.
Шараға қатысқан кент ардагерлері және ата-аналар думанды кеш өте әсерлі өткенін жеткізіп, алғыстарын білдірді.
Шара соңында Доссор мәдениет үйі басшысының уақытша міндетін атқарушы Данияр Еримов мерекелік тілегін жеткізіп, өнер көрсеткен жас домбырашыларды Алғыс хатпен марапаттады.
М.ІЗТҰРҒАНОВА,
суреттер автордікі