Жеңіс тұғырында - қос Арсен

(0 Votes)

Муай-Тай – барлық ауырту тәсілдерін қамтитын спорттың бір түрі. Нағыз техникалық шеберлік пен ақылдың спорты. Білектің күшімен қатар шеберлікті талап ететін бұл спорт түрімен шұғылдануға кез келген жігіттің жүрегі дауалай бермейді. Қайсар мінез бен қайтпас жігерді талап ететін бұл спорт қаншалықты қиын болса да доссорлық  жастардың қызығушылығы соншалықты ерекше.

Газет бетіне муайтайшылардың жеңісті күндерін сүйіншілеп жазудан жалыққан емеспіз. Жақында тағыда ақжолтай хабар жетті. 15-18 шілде аралығында Петропавл қаласында муай-тайдан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Дүбірлі додаға облыс намысын қорғау үшін доссорлық спортшылар да аттанған-ды.  14-15 жас аралығында 40 келі салмақта жұдырықтасқан Арсен Бисенбай жарыста қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Ал, 16-17 жас аралығында ринг төріне шыққан 48 келі салмақта Арсен Маратұлы қола жүлдені місе тұтты.

Жалпы облыс қоржынына 1 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлде түсті. 14-15 жас аралығында 40 келіде  Таласов Мейіржан,  63,5 келіде Жанбеков Нуртарлан, +81 келіде Төлеуғалиев Тамерлан және қыздар арасында 45 келіде Бекбулат Аяулым үшінші орынға ие болса, 16-17 жас аралығында 71 келіде Мұрат Дінмұхаммед күміс жүлдегер атанды.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT