«Шахмат– отбасылық хоббиіміз»

(0 Votes)

Елу бес жылдан бері 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке 1926 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен 1966 жылы бекітілген.

Шахматтың тарихы бір жарым мың жылдан асады. Бұл спорттық ойын түрі біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырда Үндістанда пайда болғаны тарихтан белгілі. Ал IX-X ғасырда ойын Еуропаға жетеді, онда «классикалық» ойын ережелері жасалды. Соңғы ережелер XIX ғасырда қалыптасты. Бүгінде шахмат әлемдегі кең таралған ойындардың қатарында. Оны жер шарының 25% тұрғыны ойнайды екен.

Шаршы тақтада талайларды састыратын ойлы спортшылар ауданымызда да жетерлік. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін шахматқа құмар жандар табылады. Облыстық, аудандық додаларда бәйгенің алдын бермей жүрген шеберлерімізбен мақтана аламыз. Олардың бірі – доссорлық Ғинаятовтар отбасы. Жанұясына шахматтың қыр-сырымен таныстырып, осы ойынды ойнауға баулығын Естай Ғинаятов бүгінде бала-немерелерінің бәйтерегі ғана емес, жеке жаттықтырушысы да болып отыр.

«6 сынып оқып жүргенде алғаш шахмат тақтасына отырдым. Ал 1968 жылы оныншы сыныпты бітіріп, Гурьев қаласындағы музыка училищесіне хор дирижері бөліміне оқуға түскенде бұл спортқа толықтай бетбұрыс жасадым. Оқу орнында мастерім «Спорт шеберлігіне үміткер» Балтабай Жиенғалиұлы мені «Трудовой резерв» командасына алып, дайындады. Шахмат ойнаудың қыр-сырын меңгеретін кітаптар беріп, шахматқа деген сүйіспеншілігімді оятты»,- деп сөз бастады Естай аға.

Аудан тұрғындарына Ғинаятовтар өнерлі отбасы ретінде жақсы таныс. Естай ағайдың өзінен бастап, ұл-қыздары, немерелеріне дейін өнерден, музыкадан құр алақан емес. «Өнер мен спорт егіз» демекші шахмат олардың отбасылық хоббиіне айналып отыр.

«Үй–ішіміз өнерге жақын болғанымызбен, бір хоббиіміз осы шахмат. Отбасымызбен шахматқа деген сүйіспеншілігіміз өте жоғар»,- дейді  Е.Ғинаятов.

Талантты тану, баланың шамшырағын жағу – кез келгеннің қолынан келе бермес іс. Соның ішінде ата-ана үшін баланың өмірлік мақсатын қалыптастырып, арманына қол жетуге көмек қолдау көрсету – басты міндет. Естай ағайдың арнайы білімі жоқ болса да балаларын спортқа баулуға алдына жан салмады. Оның алғашқы шәкірт ұлы – Мейрамбек Ғинаятов. Кішкентайынан төрт қызының арасындағы жалғыз ұлын шахмат ойнауға үйрете бастайды. Жетістіктің алғашқы қадамы да осы ұлынан басталады. Облыстық «Белые ладьи» шахматшылар жарысына қатысып, Мейрамбек чемпион атанады. Кейін қыздары Мейрамгүл, Бақытгүл де бұл ойынға қызғушылық танытып, көп ұзамай інісінің қарсыласы болуға жарайды. Осылай олар бір-бірімен ойнап, жаттыға бастайды. Шахамтшылар отбасында дүниеге келген кенже қыз Ақбөбекте бауырларының ізімен жүріп, әкесінің баулуымен шахмат тақтасына отырады.

Мейрамбек 2010-2014 жылдары аудандық спорт мектебінде шахмат үйрмесінен балаларға дәріс беріп, шәкірт тәрбиеледі. 2013 жылы облыстық спартакиадаға қатысып, күміс жүлдегер атанған.  

«Балаларға осылайша жол салып бердім. Олар сол жолмен жетістікке қадам бастады. Жарыстарға қатысып, содан шабыттанып, ізденіс пен жаттығуды күшейтті. Мейрамбек осы сала бойынша спорт шеберлігіне үміткер атағын қорғады. Қазір балаларымның бәрі ұстаздық жол да өнер саласында жүрсе де, шахматтан бір алыстаған емес. Осы жылы Бақтыгүл облыстық зағиып жандар арасында шахматтан өткен чемпионатқа қатысып, жеңімпаз атанып, Шымкент қаласына республикалық кезеңге жолдама алды»,- деді жаттықтырушы әке.

Бүгінде Естай Ғинаятов немерлерінде спор пен өнерге қатар баулып жүр. 9 жастар Аманбек пен 8 жасар Әділет шахмат ойынын өздерінің жанына серік етіп өсіп келеді. Олар бос уақыттарында аталарымен шахмат ойнауды әдетке айналдырған. Осылайша үлкендері жетістікке жеткен болса, кейінгі ұрпақта алдыңғы буынның жолымен өсуде. Бұл – балаларына бағыт көрсеткен қарапайым әкенің мерейі.

«Балалрымның жетістікке жетуі мені таныта бастады. Олардың әрбір жетістігі менің мерейімді өсірді. Балаларымен бір команда болып та жарысқа қатысып, топ жардық. Облыстық білім беру бөлімінің қйымдастырумен өткен шахматтан командалық сайыста ұлым – Мейрамбек және қызым – Ақбөбек үшеуміз қатысып, чемпион атанған кездеріміз болған. Қатысқан сайыстардың барлығынан да жүлдесіз қалып көрмеппіз. Бүгінде аудандық ардагерлер арасында өтетін зергек ойынға зерікпей қатысамын. Бес-алты жыл уақыт болып қалды, ешкімге дес бермей жеңімпаз атанып келемін. Дарынды дамытатын ол – ізденіс пен жаттығу. Талап пен тәртіп болмаған жерде жетістік те болмайды. Ал шахмат деген үлкен өнер. Осы өнерге қызығушылық танытқан жастар болса, үйретуге әркез дайынмын»,- дейді Е.Ғинаятов.

Жақында Атырау қалалалық жастар ресурстық орталығының қолдаумен «Ақсұңқар» қорының ұйымдастырыумен шахмат күніне орай ұйымдастырылған 14-20 жас аралығында өткен турнирге жиені Ақбота Жолдасова қатысып, дипломант атанған. Бұл шахматшылар отбасы үшін мереке қарсаңында үлкен тарту болды.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT