Өткен аптада аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 8-16 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі өнерлі жас өнерпаздарды қолдау мақсатында «Өнерім - көңіл шуағым» атты өнер фестивалі өтті.
Фестиваль шымылдығын Бота Бисенованың «Ай дидарлы Анашым» әнімен Әсем Бауыржанқызы ашты. Одан әрі өнерлі жас бүлдіршіндер көркемсөз жанры, би және домбырамен халық күйлерін тартып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Фестивальға қатынасушы өнерпаз балалардың арасынан Бауыржан Мұрат, Маңғыстау Сымбат, Әнел Төлеуғали сынды өнерпаздар ерекше танылды.
Шара соңында аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Тулебаева жас өнерпаздарды қуанышты күндерімен құттықтап, болашақта өнерлеріне шабыт тілеп, барлық фестивальға қатысушыларға сыйлық табыс етті.
Өз тілшіміз