Жас ұстаз – «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері

Жас ұстаз – «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері
(0 Votes)

Жақында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурс жариялаған болатын. Аталған байқаудың басты мақсаты – белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік деңгейде қолдау.

Бұл жолғы конкурсқа 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатысып, ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттары бойынша өз жобаларын ұсынды.

Осы орайда ауданымыздың намысын қорғаған О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Орынбек Аязбекұлы «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша жеңімпаз атанып, бір миллион теңге көлеміндегі грантқа ие болды.

Бұл жетістік – ауданымыздың жас мамандарының кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, жастардың жаңа технологиялық бағыттағы бастамаларын дамытуға үлкен серпін бермек.

Ж.Нұрбегісқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT