Жарасымды басқосу

(0 Votes)

Аудандық орталық кітапханада 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ел бірлігі-ең асыл қасиет» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті.

Халықтар арасындағы достықты нығайтып, Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген өзге ұлт өкілдері қатарында «Газэнергожөндеу» мекемесінің қызметкері Рэзиня Курмашева, Алексей Бастун, Михаил Череватенко, Сергей Гайнуллин, «Мақат желілік өндірістік» басқармасынан Анна Норжанова, Л.Шахатов атындағы орта мектебінен Раиса Чмарина және оқушылар мен тұрақты оқырмандар қатысты. Кездесуге қатысқан аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қабылхан Умаров мерекемен барша қатысушыны құттықтап, шараға қатысушы қонақтардың өздері жайлы әңгімелеуге кезек берді.

Елімізде қалыптасқан бейбіт өмір, түрлі саланың жаңа реформалары туралы ой бөліскен кездесу қонақтарына оқушылар Амина Сергеева, Шолпан Ильясова, Мөлдір Ақмурзина дайындаған мерекелік өлеңдеріп оқып, аудандық мәдениет үйінің «Шаттық» би тобы мерекелік сыяпатын ұсынды. Жарасымды басқосу соңынан кітапхананың бөлім меңгерушісі А.Мусағалиева кездесуге қатысушыларға мерекелік лебізін білдіріп, құттықтау хат пен сыйлықтарды табыс етті.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT