Татулықты ту етті

(0 Votes)

Бұл күні Доссор кенті орталығында халықтар бірлігін насихаттайтын думанды шара өтті.

Мерекеге сай безендірілген сахна төріне көз тіккен көрермен жүздері жадырып, шуақты күннің нұрына бөленіп, мереке күнін көтеріңкі көңіл-күйде өткізді. Елжандылықты, патриоттық рухты қалыптастыратын мәдени шараға жиналғандарды алдымен кент әкімі Ербол Ермағамбетов құттықтап, көп ұлтты мемлекетіміздің саяси бағыты – татулықты ту еткен ұстанымын нығайтуға шақырды. Б.Қанатбаев орта мектебінің ұжымы, «Қарлығаш» ясли-балабақшасы, С.Шарипов мектеп-интернаты, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі, О.Сарғұнанов орта мектебі, « Қызғалдақ» ясли-балабақшасы, Абай орта мектебі, « Сандуғаш» ясли-балабақшасы, «Балауса» би тобы көп ұлтты мемлекетімізді мекендеген ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін таныту мақсатында әр ұлттың әнін шырқап, би биледі.

Мәдениет үйінің ұжымы дайындаған мерекелік концертін ұсынып, Доссор балалар өнер мектебінің оқушылары әр ұлттың күйлерінен попурри орындады. Шара соңында Доссор мәдениет үйі басшысы Ризагүл Уапқызы сахна төріне көтеріліп, мерекеге атсалысқан ұжымдарды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT