Жаңаталапта жаңа заманауи спорт кешені ашылды

(0 Votes)

 Бүгін Атырауда жаңа спорттық-сауықтыру кешені қала тұрғындары үшін есігін айқара ашты, деп хабарлайды Atpress.kz тілшісі.

 Бүгін Жаңаталап елді-мекеніндегі жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені тұрғындарға пайдалануға берілді. Осылайша қала инфрақұрылымы тағы да жаңа серпін алды!

Екі қабатты нысанда бір мезетте 160 адам жаттыға алады. Негізгі ғимараттың көлемі – 58x67 метр, ал төбесінің биіктігі 8 метрге дейін жетеді. Бұл көрсеткіш түрлі спорттық іс-шаралар мен жаттығулар өткізуге қолайлы жағдай туғызады.

Кешен ішінде:

* ерлер мен әйелдерге арналған заманауи жаттығу залдары;

* баскетбол мен волейболға арналған әмбебап спорт залы бар.

Жалпы жер аумағы 2 га құрайтын нысанның сыртқы аумағында да спортпен айналысуға мүмкіндік жасалған. Ашық алаңдарда футбол, баскетбол, волейбол ойнауға және жалпы дене шынықтыруға арналған орындар қарастырылған.

Жаңа кешен қала тұрғындары үшін спортпен тұрақты түрде айналысуға, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге және бұқаралық спортты дамытуға серпін бермек.

Айта кетейік, жоба Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып, “ТШО” компаниясының “Игілік” бағдарламасы аясында қаржыландырылды.

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT