Волейболдан күш сынасты

(0 Votes)

Мақат аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті.

Бұл жолғы дода Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Ұлттық валюта - теңге күніне орай ұйымдастырылып оған аудандық қаржы саласының мамандары қатынасты. Күн ұзағы компьютердің алдынан босамайтын қаржыгерлердің "құрыс-тұрысын" жазған жарыс - айналым жүйесі арқылы өрбіп, командалар бір-бірімен кездесіп шықты.

img-20191113-wa0001

Бұл ретте Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі қарсыластарын қынадай жапырып 1-ші орын мен жарыстың кубогіне ие болса, екінші орынға аудандық қазынашылық бөлімінің мамандары жайғасты. Мерекелік жарыстың үшінші орынын мүсе тұтқан мемлекеттік кірістер басқармасы да жарыс жолында аянып қалмады. Волейбол үйірмесінен жол сілтеп жүрген Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жас маманы  Өтепқалиева Аяжан бұл жолы қазылық қызмет жасады.

А.САДЫКОВ

Суреттер: аудандық спорт бөлімінен

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521