Бүгін Доссор дене шынықтыру сауықтыру кешенінде ауданға танымал ардагер спортшы Аманқос Қуанышұлын еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында ІХ ашық республикалық турнир басталды.
Сайысқа көршілес Ресей жеріндегі Ингушетия республикасынан және Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облысынан 150-ге жуық жас палуандар қатысуда.
2004-2005 жылғы туған жасөспірімдер 28 кг, 32 кг, 35 кг, 42 кг, 46 кг, 50 кг. 55 кг, 60 кг, 60+ кг салмақ дәрежесі бойынша татами төрінде бар шеберліктерін көрсетуде.
Екі күнге созылған жарыс қортындысы ертең белгілі болады. Сондай-ақ, ертең 5 мамыр күні ересектер арасында жүлде қоры 500 мың теңге тігілген қазақ күресінен «Түйе палуан» бәсекесі өтеді.