Кеше басталған ардагер спортшы Аманқос Қуанышұлын еске алуға арналған дзюдодан ашық ІХ республикалық жасөспірімдер арасындағы турнирдің қортындысы белгілі болды.
Бұл жарыста аудан спортшылары өз шеберліктерін көрсете білді. Мақаттық дзюдошылар Таубаев Ринат 34 кг І орын, Бағытқали Заманбек 34 кг ІІ орын, Ерниязов Сағдат 46 кг ІІІ орынға ие болды. Ал, Доссорлық дзюдошылар Жұмашев Айдос 42 кг І орын, Өтеулиев Арсен 55 кг І орын, Ибрагим Дастан 60 кг ІІ орын, Ізімбергенов Ернар 66 кг ІІ орыннан көрінді.
Сондай-ақ, бүгін ересектер арасында қазақ күресінен "Түйе палуан" бәсекесі өтті. Оған Ақтөбе және Атырау облыстарының палуандары қатысып, мықтылықтарын танытты. Додаға 90 келіден жоғары барлығы 19 палуан қатысты. Бұл бәсекеде Қызылқоғалық Закаряев Сұңғат жеңімпаз атанса, Ақтөбелік Шоқпытов Шыңғыс екінші орын алды. Атыраулық Салықов Бекболат үздік үштікті түйіндеді. Түйе палуандар белдесуінде спортшылар қомақты қаржылай сыйлықтарды жүлделі орындарына қарай бөлісті.