Ауданда нашақорлыққа қарсы көңілді эстафета өтті

Ауданда нашақорлыққа қарсы көңілді эстафета өтті
(0 Votes)

Жақында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық қауіпті індет, алдын алу міндет» тақырыбында нашақорлыққа қарсы көңілді эстафета өтті. 

М.Баймұханов атындағы орта мектебінде өткен шара жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және оқушыларды бұқаралық спортқа баулуды мақсат етті.

Сайысқа аталған мектептің 8 сынып оқушылары қатысып, "Секіртпемен жүгіру", "Шармен жүгіру", "Кім жылдам?","Қаппен жүгіру", "Арқан тартыс", "Баскетбол" деп аталатын 6 кезең бойынша өзара сынға түсті.

Нәтижесінде, «Алаш» командасы алғыс хатқа ие болып, «Қыран» командасы III орынды, «Алау» командасы II орынды, «Бірлік» командасы жүлделі I орынды жеңіп алды.

Шара соңында ұйымдастырушылар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жарыстардың маңыздылығын айтып, салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, белсенділік танытқан барлық командаларға аудандық мәдениет үйінің атынан арнайы дипломдар мен кубоктер табыс етті.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521