«Шалқыма» ансамблі лауреат атанды

(0 Votes)

Қашықтықтан оқу, оқыту өнерсүйер қауым үшін аса үлкен кедергі келтіре қоймады. Олай деуімізге себеп көп. Біздің мектептің шәкірттері мен ұстаздары сайыстар мен байқаулардан  кенже қалмай қатысып, бақтарын сынап бағуда.

Таяуда ғана өткен  VI  республикалық «Самғау» балалар мен  жасөспірімдер арасындағы  ән-би, өнер  байқауының «аспапта ойнау» жанры бойынша қатысқан Мағзом Ерасыл   бас жүлдені иемденді.

oner-2

«Қазақстан Таланттары» өнер-білім дамыту шығармашылық орталығының  ұйымдастыруымен  «Мен де жұлдыз  боламын»  байқауында «Шалқыма»  ансамблі бірінші дәрежелі  лауреат атанды.

oner-1

Бұл ансамбльдің  құрамында Жәмшебай Еркебұлан, Қуанышұлы Азамат, Елубай Айбибі, Жәрекен Мейіржан, Сағын Зайнаб сынды  оқушыларымыз өнер көрсеткен –тұғын.

Әріптесіміз  Айгүл Айтмырзақызы аталған еңбегі үшін «Шығармашыл ұстаз» дипломымен марапатталды. 

Гайни Гинаятова,

Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің тәрбие ісі орынбасары

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521