Аяулым - бас жүлде иегері

(0 Votes)

Әлемді алаңдатқан пандемия кезінде өнер мен мәдениет саласы тоқырап қалмақ емес. Саланың шаралары онлайн жолын таңдап, тығырықтан шығып келеді.

 «Қазақстан Таланаттары» өнер - білім дамыту шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен  «Мен де жұлдыз боламын» деген тақырыпта республикалық  сайыс өтті.

Білім мен өнерді қатар алып жүрген оқушылар сайыс дегенде қарап қалып жатқан жоқ. Олар өздері секілді дарынды оқушылармен бірге бақ сынап, өнерлерін көрсетуде.

Рыспай Ғабдиев  атындағы балалар өнер  мектебінің сырнай сыныбының  оқушысы Аяулым Кенжебекқызы «Мен де жұлдыз боламын» атты онлайн  байқауға  қатысып, бас жүлдеге  ие  болды.

Шәкіртін бәйгеге қосқан Мейрамбек Ғинаятов та шәкірт жеңісі үшін марапатталды.

Ғ.Болатқызы

Р.Ғабдиев атындағы  балалар  өнер

 мектебінің  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521