«Атырауды» тағы да Мақаттықтар толықтырды

(0 Votes)

Өткен жылы ғана жерлесіміз Амандосов  Жақсылықтың  "Атырау" кіші аяқ доп командасына қабылданғанын хабарлап көпшіліктен сүйінші сұраған болатынбыз. Міне, ақжолтай ақпардың артынан тағы бір қуанышты жаңалық ілесті. Атағы жер жарған командалармен иық тіресіп, турнирлік кестеде алдыңғы орындардан табылып жүрген "Атырауға" ауданымыздың аяқдопшылары келіп қосылды.

Бұған дейін мұнайлы мекеннің намысын айтулы додаларда қорғап жүрген Еркебұлан Бейбітұлы мен Ерасыл Шарапиденов аталмыш командамен келер жылдың сәуір айына дейін келісім шартқа отырды. Бұл "Атыраудың" ақшасының аздығынан емес тума таланттарды көре білуінен. Әйтпесе бұл ұжымда мұқиттың арғы жағынан келіп доп теуіп жүрген спортшылар жетерлік.

Бұл - ортақ жетістік. Бұл - спортшыларымызға әлемдік деңгейге жол ашуына тамаша мүмкіндік. Сондықтан сәттілік серіктерің болсын!


А.САДЫКОВ  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT