Қазақстан мемлекетінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға атсалысу мақсатында онлайн форматта «Жеті өнер» Республикалық байқауы ұйымдастырылды.
Аталған сайыста Мақат мәдениет үйінің жанындағы драма үйірмесінің оқушылары да бақ сынап, барлығы да олжасыз қалған жоқ. Нақтырақ айтқанда, Фатима Қонысбай, Аяулым Ғайса, Арсен мен Сәбит Мейілхаттар «бас жүлде» кубогына ие болса, Дильяра Есенжанқызы, Ақбаян Саматқызы, Айсара Болатбайқызы, Гүлжан Байсымақ I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Байқау ұйымдастырушыларының атынан мәдениет үйінің басшысына «Алғыс хат», ал үйірме жетекшісі Г.Кенжиеваға жеткіншектерді дайындаған еңбегі үшін «Үздік ұстаз» дипломы табысталды.
А.Жұмабекұлы